Артқа қайту Басып шығару

I. БӨКЕЙ CҰЛTAH


Бөкей  өмірінін  соңғы  жылдары  Іш кі  Ордада  хан 
болғанмен,  ел  іші  шежіре,  ел  аузы  әңгімелерде  «Бөкей  
сұлтан»  атанғандықтан,  калыпты  ұрдісті  бүзбадық.  Көне 
жыр, ескі жазбаларда: Әбілхайыр үлы Нұралының өз белінен 
30  ұл, 40 қыз өрді делінеді. Ал 1771 жылы Нұралы  ауылында 
болған  тарихшы  И.Г.Георги ханның 4 әйелі,  8  күңі барын,  
өз  кіндігінен  жаралған  75  перзентінің  40-ы  ұл  екенін 
төптіштеп жазған/Материалы  по  истории  КазССР.  Т.  4.66  
б./ Бөкей — осы Нұралының  түңғышы. Бөкей, оның тетелес 
інісі  Сығай,  кенже  інісі  Шөке  Нұралы  —  хан  ұлдарының  
Исатай-Махамбет окиғасында жақсы-жаман болса да анық- 
қанық  орындары  бар.  Сондай-ақ  1818,  1827,  1829  
дүрбелеңдер  тұсында  Қаратай  Нұралыұлы  есімі де  ауызға 
жиі алынады.  Қаратай хандыққа таласып, Жайықтың Бұхар  
бетін  талай  қикуға  толтырды.  Нұралының  Ырыс  атты 
қалмақ  өйелінен  туған  Қаратай,  Елтай,  Шотқара,  Өзбек-  
қали  /Ақсарт/,  Орман  —  ел  аузында  «Нұралының  бес 
калмағы»  атанды.  Шетінен  «мен атайын —  сен тұр», тұшы  
ұйқыны  білмейтін  жортуылшыл  өжеттер  еді.  Исатай- 
Махамбет  окиғасының  бел  ортасында  «бес  калмақ»  
ұрпағынан  Орманның  Шыңғалиы —  Шыман төре  болды.
Бөкей  ұзак  жылдар  Кіші  Жүз  хандығы  жанындағы  
Кеңестің  төрағасы  болды.  Х Ү ІІІ  ғасырдың  басында  екіге 
бөлінген Кіші Жүздің оңтүстігін — Жем,  Сағыз, Жайықтың  
ортаңғы және  төменгі  бөлігін  билеген Бокей  сол  тарапты

 өзінің  ата  қонысы  санады.  Ал  Кіші  Жүздің  калған  бөлігі  
Жантөре сұлтанньщ карамағында  болды.
1771  жылы  патша  үкіметінің  караулығына  шыдамай,  
Еділ-Жайық  аралығын  жайлаған  қалмактар  Жоңғарияға 
жөнкіле  көшті.  Олар  Жайықтың  казіргі  Индер  калашығы  
іргесіндегі  Таскешуден  тас  төсеп  кешіп  өтті.  Қалмақтар 
«қашкан жауға қатын ердің»  кебін сонда көрді. 
Әрине, олар түгел көтеріліп кете алмады.  Бір бөлігі ғана 
амалдап  қашып  құтылды.  Қазақтың  жойкын кимылынан  
қаймыккан  олардың  қайсыбір  көштері  Нарынға  кайтып 
оралды. Алайда,  калай дегенмен де,  Еділ-Жайық арасында  
калмақтар  сиреп,  ел  азайып калды.
Осы қолайлы  жағдайды пайдаланып  Бөкей  бос жаткан  
жерді  басып  калуды  ойлады.  Ебепке  себеп  дегендей, 
Бөкейдің көздегеніне Астрахан генерал-губернаторының да  
мақсаты дөп келді.  Олар  қалмактар  кеткеннен кейін тегін 
құйылып жатқан кыруар пайдадан қағылған еді.  Бұл орайда  
мемлекеттік  мүддеден гөрі жекелеген  адамдардың  мүддесі 
көбірек роль атқарған сыңайлы. Бөкей 1799 жылы Асірахан  
казак-орыс  полкінің  команирі  Попов  аркылы  Астрахан 
губернаторы  Кноррингпен  байланысқа  шығады.  «Мәңгі  
тұрақтауға»  жер  сұрайды.  Астрахан  губернаторы  Бөкей 
сұлтанның өтінішін Орынбор әскери губернаторына білгіз-  
бей аса қүпия түрде  I  Павел  патшаньң  қолына жеткізеді. 
Патша  1801  жылғы  11  наурыздағы  шешімімен  Бөкейге  
Самар даласын иеленуге ресми рұксат береді. 1 Павел патша 
жарлығында былай делінген:  «Кіші Орданың хан кеңесінде  
төрағалық етуші Бөкей сұлтан Нұралыханұлын өз дәргейіме 
ризалықпен кабылдаймын, кай  жерді қаласа, сонда көшіп-  
қонуына  рұқсат  етемін,  сол  себепті  менің  ізгі  еркімнің 
белгісі деп оған өзімнін кескінім бейнеленген алтын медаль  
тағайындаймын»  /Крафт  И.Сбор.  узаконении  о  киргизах 
степ,  областей.  Оренбург,  1898.  141  б./ 
Ол құжатта Бөкей  сүлтанға тиесілі жерлер:  солтүстікте 
Қара,  Сары өзендері, оңтүстікте  Каспий теңізінің жағалауы  
деп көрсетілген. Хандыкты «Кіші кайсақ ордасы» деп атаған. 
Жер  көлемі шығыстан батысқа — 350 шақырым,  терістіктен  
түскейге — 200 шакырым деп белгіленген. Демек,  алғашкы 
жылдары бокейліктердін  конысы  шақтаулы  болған. 

 1806 жылы  19 мамырда «Көшпелі хальтқтарға жер  кесіп  
беру тэртібі» деген ереже кабылданды. Сол тұста Ішкі Орда 
жер жағдайын тағы да біршама жақсартып алды. Қара,  Сары  
өзендері  мен  Боғда  тауы  және  Еділ  сыртындағы  далалык 
аймақтар хандықтың меншігіне айнадды. Жанүзак ақынның  
толғауы Бөкей кезіндегі Ішкі Орданың шекара  аймақтары 
мен  шет  пүшпақтарын  барынша  нақтылап  жырлауымен  
қунды: 

 
 Еділ,  Жайық  —  екі су, 
 
 Еңсесіне ел қопып, 
 
 Ендвп  жылқы  жайылды 
 
 Ақтвбе деген  суыпа. 
 
 Үлы  Султан мен  Қараман, 
 
 Үш  Коба мен Жанарыстан, 
 
 Am  оралып  журе алмас 
 
 Бсткейге  oilmen  агаштан. 
 
 Кешегі әкең,  Бөкей барында, 
 
 Борсыдан  безвк  ногай 
 
 Өтіп  еді күпепен. 
 
 Осылаіігы  Қараөзеітің  аузынан, 
 
 Торткөл ,  Төртшежіннен.... 
Ал  Салық  Бабажанұлы  болса;  1860  жылдары:  Ішкі 
Орданың жер  көлемінің  ұзындығы 600,  ені  500  шакырым  
деп көрсеткен.  1813 жылы Жайық казак-орысының атаман- 
дығын  Қара,  Сары өзендерден Камыс-Самар көлі арқылы  
Жайыкқа дейін  жаңадан  әскери  шеп  саламыз деп,  бөкей- 
лікке  карасты  біраз  өңірлерді  кайтарып  алып,  хандыққа  
жайылымнан біраз таршылық көрсеткенмен,  Ішкі Орданың 
шекарасы  үнемі кеңеюмен  болғанын  аңғарамыз. 
Сонымен  қазактардьщ  Нарын  жайлауы  1801  жылдан 
басталган. Алғашкьт коныс аударушылар аз мал, женіл күр-  
келермен көшкен.  Бастапқыда  5  мыңға жуык отбасы  өтті.
1828  жылы  Ішкі  Ордаға  қоныстанушылардың  саны  10235 

 үйге жетіп,  1845 жылы 30 мың шаңырақтан асып  жыгылды.  
Бөкей  Жайықтың  оң  жағалауындағы  жаңа  конысқа  ел 
кошірерде Сырымның  беделіне сүйенген.  Сырымның  төл  
жүрты Байбактылардың Нарынға алғашқылардың бірі боп 
етіп,  15  мың  шаңыраққа жетіп,  хандықтың халқының тең  
жарымын  қүрауы сондықтан. Алайда  кейінгі  толқуларға 
мүрындык болған да солар.  Байбақтылардың кері лыксып,  
Ішкі  Ордада  қалғанынан  Жайықтың  сыртына  қайта  көш- 
кендері көп  болды. 
Біраз  жылдар  халық  Нарынға  жайлауға  гана  шығып, 
кыста  ата  қоныстарына  оралып  отырған.  Бүл  1818  жылы  
Жайықтан  кері  өтуге  тыйьш  салынған  жарлыққа  дейін 
тоқтаусыз  жузеге  асты.  1818  жылдан  бастап  билет жүйесі  
өмірге  енгізілді.  Осы  жылдан  бастап  Ішкі  Орда  Жылой, 
Төменгі  Жайық  бойындағы  қыс  кыстауларынан  біржола  
айырылды.
Ел  аузында  Бөкей  сауатты,  ақылды,  үстамды  адам 
• кейпінде әліптенеді.  Ақ сары,  шоқша сақал,  такуалау  жан 
болған.  Ел ішінің ақылмандары  Бөкей және оның мүрагері  
Жәңгір заманына екі ауыз сөзбен бүлтартпастай нақты баға 
берген:
 
 Хаи Бвкейдің  тусында 
 
 Секер  иіайнші,  бал  іштік. 
 
 Хан Жэцгірдің  тусыида 
 
 Касықтап қора  қан  іштік. 
Қалай дегенмен де,  Бөкей  султан  туралы  ел  үғымында 
жайсыз қауесет  жоқ.  Ол  өз қарамағында жүртгың  кыбын  
тауып, мақүлын марапаттап, тентегін тыйып, ақылмен үстай 
білген. 
Бокей  Сарайшық  қаласында  түрып  ел  басқарған.  Бер- 

 
 қайыр Аманшин  бір жазбаларында Бөкей Ішкі Ордаға сул­ 
тан  болып,  мал-мүлкімен  Жайықтан  өткенде  бар-жоғы  5 
туйесі,  20 койы,  17  жылқысы  болды деп көрсетеді.  Бүл  ол  
кездің өлшемі бойынша тақыр кедейшілікпен барабар түмыс 
еді.  Шамасы,  сүлтанның  озі де  алғашқы  жылдары дүние-  
мүліктерін байырғы жүртга қалдырып, Еділ-Жайык арасына 
абайлап  көшкен  сыңайлы.  Дей  түрғанмен,ел  арасының 
12 

 шежіресі  Бөкейдің  байлыққа  малшынганын  емес,  
кедейлікке  жетеқабыл  коныл  тобел  түрмыс  кешкенін 
көбірек мақүлдайды. Сұлтан қанағатшыл мінезімен де елге  
жаққан  сияқты.  Қыс  мезгілін  Сарайшықта  өткізген 
Бөкейдің  Атырау-Астрахан  арасында  жаз  жайлайтын  екі  
шүрайлы жайлау болған:  бірі-Жалтыр  көл де,  екіншісі  — 
А страхан  ір гесін д егі  Бабаш ағыл.  Өмірінің  соңғы   
жылдарында  Бөкей  Бабашағылды  түрақты  жайлаған. 
Бабашағыл  Исатай  батырдың  өкесі  Тайман  қонысымен  
жапсарлас  еді.  Сүлтанның  Қиғашқа  сүғына  кіріп, 
Астраханның  өкпе  түсындағы  Бабашағылды  алты  ай  жаз  
коныстанып  сары  кідір  етуі  —  Астрахандағы  Жөңгірдің 
оқуымен  тікелей  байланысты  еді.  Бөкей  1815  жылы  21  
мамырда  Бабашағылда отьірғанда шикі судан жүғатын бөсір 
дертіне  шалдығып,  санаулы  күн  ғана  ауырып  дүниеден  
озды.  Бейіті  сол  Бабашағылда.
Бекейден  кейін,  Жәңгір  комелет  жасқа  толғанша,  
ағасының  орнын  Сығай  басты.  Дүниеге  жақын  жемқор, 
парақор ол елді атьтстырып-шабыстырудың сүнғыла шебері  
еді.  Сығай  шамамен  1815-23  жылдар  аралығында  билік 
қүрды. Бұл Исатайға ең жайсыз кезеңнің бірі болды.  Сығай 
—  дэулескер  күйші Дәулеткеревдің  әкесі.
Бөкейді  патша  үкіметі  1812 жылы  ресми түрде  хан  деп  
бекітті.  Оны  Орынбор  өскери  губернаторы  Волконский 
«сүлтандардың  үлкені,  ізгі,  парасапы,  тәжірибелі  және  
жогары  мәртебелі  монарх  тағына  берілген  адам»  дбп 
сыпатгаған. Бөкей  1812жылы7 шілдедесалтанаттыжағдайда  
Орынбор  өкімшілігінің  жоғары  шендерінің  жене  дала 
шонжарларының  қатысуымен  Орал  қаласы  маңындағы  
тоғайда хан көтерілді. Ол жер  әлі күнге дейін «Хан тоғайы» 
аталады. 
Бөкейдің  сонында  ертерек  өлген  бәйбішесінен  Тәуке, 
Әділ деген  үлдары болды. Ал кейінгі әйелі Атаннан Жәңгір  
мен  Меңдігерей  туды.  Жөңгір  1801  жылы  емірге  келген. 
Бөкейдің балаларының бөрі Исатай;  Махамбет көтерілісіне  
қатысты  қанды  оқиғалардың  бел  ортасында болды.
Бөкей  мен  Тайманның  достығы  туралы  ел  аузында  
аңыз сакталған.  Сүлтан қазіргі Новобогат төңірегіндегі жаз 
жайлауы Жалтыр колде  отырғанда шешесі қайтыс болған. 
13 

 Сол  жерде  «Бөкей  шешесі»  деген  мола  қазірде  де  бар.  
Шешесінің  жылын  берген  жиында  Бөкей  алқа  топтың 
көзінше Тайманға: «Қол алысып, төс  түйістіріп, мөңгілікке  
дос болайық.  Достыгымыз үрім-бұтағымызға кетсін» дейді. 
Тайман қүп алады.  Балаларын шақырып,  ағайынның төрт  
көзі түгел ортасында Бокей мен Тайман Қүран  үстап, тілек 
тілеп  ант-су  ішіседі.  Кейін  Исатай  хан  орданы  қамап  
түрғанда  соны есіне түсіріп:  «Аталарымыз  Алланың  мөрін 
үстап  ант етісіп еді.  Мына шокыншык сыбан  қалмак  оны  
үмытты  ғой» деген  толғанып.  Қария  әңгімелер  батырдың 
хан орданы коршап түрып  шаппауын — аталарының антын  
бүзудан именгені деп те  кисындайды.