Ел арасы қашанда барымта-сарымтасыз болмаған.
Сыртган жау шаппағанда, рулар бір-бірін шапқан. Нарында
аламандык әсіресе 1815 жылы Бөкей өліп, ел билеуші
болып онын інісі Сығай Нүралыүлы атка мінгенде етек
алды. Сығай билеуші атанғанмен, хан атанбады. Исатай
ауылына бүдан бүрын да ауыз салып, тізе батырушылар
болды ма, болмады ма — беймәлім, хатқа түскен дерек-
терден білетініміз — 1815 жьтлдың кысындағы шабынды.
1815
жылдың кысында хорунжий Бармақ Мүратүлы,
Балқы Қүдайбергенүлы т.б. келіп, елді шауып, Исатай-
лардың мың қаралы малын айдап кеткен/ ІСаз ССР. ОМА.
4 қор, 1 тізім, 1776 іс, 1 парақ. / / И.Кенжалиев. Тайманұлы
Исатай. Қазақстан, 1977. 12 б/. Бүл туралы Исатай Орынбор
өскери губернаторына шагым береді. Ол шагымды тексеруді
Орал казак өскерінің атаманы, генерал Д. Бородинге жүк-
тейді. Бородин Сығай сүлтанға тапсырады. Беріш руының
баскарушысы Бабағали Жәнэліүлы сүлтан бүл шагымды
Сығайға тапсыруға болмайтынын, себебі ел талау-ға оның
озі де қатысты деп әскери губернаторға арыз түсіре-ді. Акы-
ры бұл даулы ісгі сүлтан Қаратай Нұралыұлы тексеретін болады.
Өстіп жүргенде уақыт өте береді де, 1818 жыл болады.
Исатайлардың шағымы Калмыков бекінісінде тексерілетін
боп үйғарылады. Сығай жауапкер адамдарды жауап беруге
жібермей кояды. Содан іс басқа адамдарға жүктеледі. Сығай
мен генерал Д.Бородин бүлтакқа салып, тексерудің соңын
қой болдыға айналдыруды көздейді.
1817
жылы Балқы бүл талауда ез үлесіне тиген 155 кой,
1 жылқы, 2 сиыр жөне шапанды Исатай ауылының адам-
дарына кайтарып береді. Тексеру комисиясының осындай
жолмен таланды, мал қайтарылсын деген шешіміне Сығай
қүлақ аспайды.
36
Бармақ Мұратұлы, Балқы Қүдайберген үлы Исатай
ауылын неге шапты — тарихта анық-қанык хабар жоқ. Ел
арасы барымта-сарымтасы ма, партиялық тартыстардың
көрінісі ме? Әйтеуір Бөкей Бабашағылда ауырып өлгеннен
кейін көп үзамай болды бүл окиға. Ал Бөкейдің Исатайға
ықыласты болғанын жоғарыда айтқанбыз. Жеке бастың
араздығы болсын, баскалай себеп болсын, өйтеуір осы
окиғадан кейін Исатай мен Сығайдың арасы шиеленісе
түсті. Сығай ел билеген 9 жыл бойы Исатайдың ізінен
қалмай, үстасып бақгы.
1815 жылы қыс айында Бармақ Мүратүлы, Балкы
Қүдайбергенұлының Исатай ауылын шабуы келесі жылдың,
яғни 1816 жылдың тамыз айындағы екінші бір курделі
окиғамен үласты.
1816 жылы Беріш руының басқарушысы сүлтан Сүйін-
шігали Жанөліүлы Исатай ауылына келіп, қашқын адам-
дарды / ол кезде казак, арасында әскерден қашқак татар
көп болатын/ үстаймыз деген желеумен қол жиғызды. Олар
Ақжонаста отырған Өтеміс ауылына барды. Бірақ қашқын
адамдарды таба алмады, ол тіпті жәй ғана сырт желеу болуы
да гажап емес, Өтеміс ауылына қиянат келтірді. Өтеміс
сол жылы, ягни тамыздағы оқиғаның ізін ала іле-шала
қыркүйекте Сығай сүлганға, Астрахан әкімдеріне шағым
берді. Бірақ тергеу болмады. Келесі жылы жазда Өтеміс
Орынборға барып, Шекара комиссиясына еселеп шағым
етеді. 1817 жылы 21 тамызда тергеушілерге берген жауа-
бында: 1816 жылы тамыз айында Беріш руының баскару-
шысы Сүйіншіғали, Бабағали сүлтан, Исатай, Төлебай
Тайманүлы бастауымен 45 адам боп келіп, ауылын шап-
қанын мәлімдеген.
1818 жылдың күзінде Бабағали, Исатай, тағы басқаларды
Сарайшыққа шакырып алып, түрмеге камап тастаған. Та-
ланған малды түгел кайтармайынша түрмеден шықпай-
тындарын мөлімдеген. Елдің айтуынша Исатай Беріштің
атақты батыры Жүзбатырға хат жазып, шығарып алуьтн
өтінеді. Жүзбатыр Сығайға, Текеге ат сабылтып жүріп, 20
мыңдай акша жиып беріп, ақыры Исатай бауырын
Сарайшық турмесінен босатады. Сығай кеңсесінің архивтік
қүжаттарында осы оқиғаға байланысты қатынас кағаздар
1818 жылдың күзінен 1819 жылдьщ күзіне дейін созылған.
37
Исатайдың Сарайшық абақтысында отырғаны белгілі
болғанмен, қанша отырғаны белгісіз. Қалай дегенмен де
ол 1819 жылдың қазанында бостандыкта болды.
Бүл мәоелені ай, жылына дейін саралауда мән бар. 1818
жылы патша үкіметі Жайықтан кері өтуге тыйым салды.
Осы жарлыкпен бірге Ішкі Орда Бүхар беггегі жерлерінен
айырылды. Бөкей оны алдырмай келіп еді. Кейін Жөңгір
де Бүхар беттегі жерлерді қайтарып алуға жан салды. Бірақ
қолынан келмеді. Жайықтың жабылуьт Ішкі Орда жүр-
тьшьщ толқуына өкеп соқты. Қайыпқали Есімұлы, Қаратай
Нүралыүлы елді Жайықтан өткізіп өкетуге жан салды.
Жайыктың откелдерін бітеуге өскер шыкты... Толку 1819
жылы да басылмады.
Бұл оқиға түсында Исатайдың үстанған бағыты анык
емес. Түрмеде отырып араласа алмады ма, әлде дүрмекке
қосылуға ықыласты болмады ма — әйтеуір бүл кезде Исатай
ауылы дүрлікпеген. Осыған арқа таңып Орал казак әскері
атаманы, генерал Д.Бородин 1819 жылы 14 қазанда Исатайға
хат жолдап, елді тыныштандыруды отінген: «Патша ағзам
Астрахан губерниясындағы жерді Бөкейге сыйға тартты.
Ондағы халыкты күшпен камап үстап отыру ойында жок.
Егер халық кері көшуді каласа, патша ағзам оған күлак
койып, ыкылас танытуға бар. Бірак мүның бәрі үкімеітін
нүсқауларын тындамай, өзім білемдікпен жүргізілмей, заң
жолымен асырылуы тиіс. Осы жайларды орда жүрт-
шылығына үғындыруыңызды өтінемін». «Хат сол кездегі
Орынбор өскери губернаторы Эссеннің атынан жазылган.